locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина US Open турнирін сенімді жеңіспен бастады

Қазақстанның бірінші ракеткасы болжамға сай Теа Фродиннен басым түсті
ФОТО: Getty Images

1 қыркүйектен 2 қыркүйекке қараған түні Елена Рыбакина US Open әйелдер арасындағы турнирінің негізгі кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рыбакинаның US Open-дегі алғашқы қарсыласы WTA рейтингінде 585-орында тұрған 17 жастағы теннисші Теа Фродин болды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы жас қарсыласын күткендегідей жеңді. Елена америкалық теннисшіден алғашқы сетте 6:3 есебімен басым түсті. Екінші партияда да Еленаның басымдығы айқын болды: ол бірден бастаманы қолға алып, сетте 6:2 есебімен жеңіске жетіп, екінші айналымға жолдама алды.

Енді Дарья Видманова мен Джессика Манейро Бузастың кездесуін күту керек. Осы қарсыластықтың жеңімпазы екінші айналымда Рыбакинаның қарсыласы атанады.

Айта кетейік, US Open қорытындысы бойынша Рыбакина мансабында алғаш рет жекелей сында әлемдік рейтингтің бірінші орнына көтерілуі мүмкін.

Сонымен қатар дәл қазір турнирдегі алғашқы матчын Юлия Путинцева өткізіп жатыр. Ол Швейцария өкілі Белинда Бенчичке қарсы ойнап жатыр.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie