locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Цинциннатидегі ширек финалға шығуына не көмектескенін айтты

Қазақстандық теннисші Диана Шнайдерді жеңген ойынына баға беріп, Ига Швентекке қарсы алдағы кездесу туралы пікір білдірді
Теннис
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Рыбакина Цинциннатидегі ширек финалға шығуына не көмектескенін айтты
ФОТО: Getty images

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына шыққаннан кейін ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

1/8 финалда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 14-орында тұрған Диана Шнайдермен кездесті. Рыбакина қарсыласын екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Кездесуден кейін Қазақстан өкілі жеңіске жетуіне ең алдымен сәтті доп беруі көмектескенін айтты. Дегенмен матчтың алғашқы бөлігі өзі үшін оңай болмағанын жасырмады.

«Бүгін доп беруім өте маңызды рөл атқарды және маған көп көмектесті деп ойлаймын. Кездесуді аса сәтті бастай алмадым, бірақ біртіндеп ойын ырғағын таптым. Допты лақтыру, аяқтың жұмысы, қозғалыс - бір сәтте бәрі үйлесе бастады», - деді Рыбакина.

ФОТО: Getty images

Теннисші Торонто турнирінен кейінгі физикалық жағдайына да тоқталды. Оның сөзінше, Канададағы жарыстан соң шаршағанын сезінген, алайда соңғы күндері жақсы демалып үлгерген.

«Торонтодан кейін өзімді қаншалықты сергек сезініп жүргенімді әзірге нақты айта алмаймын. Ертең жағдайымның қалай болатынын көреміз. Соңғы екі түнде жақсы ұйықтадым, өйткені Канададан кейін шаршау анық сезілді», - деді ол.

Рыбакина US Open алдындағы мұндай турнирлер мықты қарсыластармен ойнап, өз дайындығын тексеруге жақсы мүмкіндік беретінін де атап өтті.

«Нәтижеге қарамастан, мұндай турнирлер US Open алдындағы жақсы дайындық болады. Мұнда қазір тамаша формада жүрген, жоғары деңгейде ойнайтын қарсыластармен кездесесің. Канадада доп беруім ойдағыдай болмады. Сондықтан мұнда бүгінгідей деңгейде доп бере алсам, бұл мен үшін үлкен артықшылық болады», - деп қосты қазақстандық теннисші.

Ширек финалда Рыбакина әлемнің бесінші ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі. Теннисшілер жуырда Торонто турнирінің финалында ойнап, сол кездесуде Польша өкілі жеңіске жеткен болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie