locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Цинциннатиде Шнайдерді сенімді жеңіп, Швентекпен кездесетін болды

Қазақстандық теннисші WTA 1000 турнирінде қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
Теннис
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Рыбакина Цинциннатиде Шнайдерді сенімді жеңіп, Швентекпен кездесетін болды
ФОТО: Getty images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі сәтті өнерін жалғастыруда. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық 1/8 финалда WTA тізіміндегі 14-ракетка, ресейлік Диана Шнайдерді екі сетте жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рыбакина келесі кезеңнің жолдамасын екі сетте шешті. Қазақстандық теннисші алғашқы партияны 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтаса, екінші сетте де басымдығын сақтап, дәл осындай есеппен жеңіске жетті. Осылайша Елена Цинциннатидегі қатарынан үшінші жеңісін тіркеді.

WTA 1000. Цинциннати. 1/8 финал
Диана Шнайдер (Ресей) – Елена Рыбакина (Қазақстан)
– 0:2 (4:6, 4:6)

Жоғары рейтингтік мәртебесіне байланысты Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастады. Оның алғашқы қарсыласы америкалық Тейлор Таунсенд болды. Елена бұл кездесуде де екі партиямен шектеліп, 6:3, 6:4 есебімен басым түсті.

Одан кейін әлемнің екінші ракеткасы польшалық Магдалена Френхпен кездесті. Бұл матч Рыбакина үшін біршама күрделі өтті. Бірінші сетте 6:4 есебімен жеңген қазақстандық екінші партияны тай-брейкке дейін жеткізіп, шешуші сәтте қарсыласынан 7:2 есебімен басым болды.

Шнайдерге қарсы жеңіс Рыбакинаның биылғы маусымдағы 42-жеңісі болды. Сондай-ақ Елена 2026 жылы өзі қатысқан сегіз WTA 1000 турнирінің алтауында кем дегенде ширек финалға дейін жетті.

Енді Рыбакинаны Ига Швентекке қарсы маңызды кездесу күтіп тұр. Польша өкілі әлемдік рейтингте бесінші орында келеді. Қос теннисшінің өзара кездесулерінде Швентек 7:6 есебімен алда.

Жақында ғана Рыбакина мен Швентек Торонто қаласындағы WTA 1000 турнирінің финалында кездескен еді. Ол жолы польшалық теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Цинциннатидегі жартылай финал жолдамасы сарапқа салынатын кездесу 21 тамызда өтеді. Матчтың басталуы әзірге Астана уақытымен 04:00-ге жоспарланған.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie