Рыбакина мен Соболенко бірге кортқа шықты
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко бірге кортқа шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық және беларусьтік теннисшілер 28 тамызда АҚШ ашық чемпионатының басталуына дайындық аясында бірлескен жаттығу өткізді. Олармен бірге кортта Паула Бадоса да жаттықты.
Айта кетейік, Соболенко US Open турниріне әлемнің бірінші ракеткасы және жарыстың қазіргі екі дүркін жеңімпазы мәртебесінде келеді.
Бұған дейін Еленаның US Open турниріндегі алғашқы қарсыласы және жарыстың финалына дейінгі ықтимал жолы белгілі болған еді. Оның алғашқы қарсыласы WTA рейтингінде 580-орында тұрған 17 жастағы америкалық теннисші Теа Фродин болады.
Жекпе-жек 30 тамызда өтеді. Нью-Йорктегі турнирдің финалы 12 қыркүйекте өтеді.
Айта кетейік, Юлия Путинцева турнирдегі жолын Швейцария өкілі Белинда Бенчичке қарсы матчпен бастайды.