Рыбакина мен Бублик Қытайдағы беделді турнирге қатысуға өтінім берді
Елена Рыбакина мен Александр Бублик Қытайдың Бейжің қаласында өтетін беделді China Open-2026 турниріне қатысуға өтінім берді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің әйелдер арасындағы жекелей сында қатысушылар тізіміне енді. Қазақстанның бірінші ракеткасынан бөлек, турнир жеңісіне Арина Соболенко, Коко Гауфф, Ига Швентек және басқа да теннисшілер таласады.
Бублик ATP 500 турнирінің қатысушылар тізіміне енді. Оның басты қарсыластарының қатарында Янник Синнер, Александр Зверев, Новак Джокович және өзге де теннисшілер бар.
China Open әйелдер арасындағы турнирі 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді. Ерлер бәсекесі 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығына жоспарланған.
Айта кетейік, Рыбакина мен Бублик US Open-2026 турниріндегі өнерін жалғастыруда. Елена АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында Испания өкілі Джессика Бузас Манейромен ойнайды.
Айтпақшы, Sports24.kz әлемнің екінші ракеткасының келесі қарсыласы туралы негізгі ақпаратты жинақтады.
Ал Бублик 3 қыркүйекке қараған түні француз Адриан Маннариномен кездеседі. Матч Астана уақытымен 01:00-де басталады деп жоспарланған.