Нонсенс: Рыбакинаның US Open-2026 турниріндегі жеңіс мүмкіндігі бағаланды
Елена Рыбакинаның US Open-2026 турниріндегі жеңіске жету мүмкіндігі бағаланды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Үздік букмекерлік компаниялардың бірінің жаңартылған коэффициенттеріне сәйкес, Қазақстанның бірінші ракеткасы әйелдер арасындағы жекелей сында жеңіске үміткерлер тізімінде тек алтыншы орында тұр.
Турнирдің басты фавориті – қазіргі чемпион Арина Соболенко. Үздік бестікке сондай-ақ Коко Гауфф, Ига Швёнтек, Наоми Осака және Джессика Пегула енді.
Еске салайық, Рыбакина турнирдегі алғашқы матчында WTA рейтингінде 580-орында тұрған 17 жастағы америкалық теннисші Теа Фродинмен кездеседі. Елена Рыбакинаның матчы 1 қыркүйекке, сағат 20:00-ге жоспарланған.
Бұған дейін Рыбакинаның US Open турнирінің басты фавориттері қатарына енгені хабарланған болатын.
