locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі алғашқы жеңісінен қанша табыс тапты?

Әлемнің екінші ракеткасы Нью-Йорктегі алғашқы кедергіден сенімді өтіп, қомақты жүлде қорына ие болды
Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі алғашқы жеңісінен қанша табыс тапты?
ФОТО: Getty images

Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі өнерін сәтті бастады. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымдағы кездесуін жеңіп, жүлде үшін күресті жалғастырумен қатар, қомақты табысқа да қол жеткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші айналымда Рыбакина WTA рейтингінде 580-орында тұрған 17 жастағы америкалық Теа Фродинмен кездесті. Қазақстандық теннисші қарсыласын сенімді түрде жеңіп, маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

Осы нәтиже үшін Рыбакина 190 мың доллар көлеміндегі жүлде ақысын кепілдендірді. Бір долларды шамамен 538 теңге бағамымен есептегенде, бұл 102,2 млн теңгеге жуық.

Сонымен қатар екінші айналымға шығу қазақстандық теннисшіге 70 рейтингтік ұпай әкелді.

Чемпион шамамен 3 млрд теңге алады

US Open-2026 қатысушыларға маусымдағы ең ірі жүлде қорларының бірін ұсынып отыр.

Әйелдер арасындағы жекелей сындағы жалпы жүлде қоры 37,84 млн долларды құрайды. Бұл шамамен 20,36 млрд теңге.

Турнир жеңімпазы 5,5 млн доллар, яғни шамамен 2,96 млрд теңге алады.

Бұған қоса, чемпион атанған теннисшіге 2000 рейтингтік ұпай беріледі.

Келесі қарсылас - Джессика Бузас Манейро

Екінші айналымда Рыбакина Испания өкілі Джессика Бузас Манейромен кездеседі.

Испаниялық теннисші WTA рейтингінде 105-орында тұр. Ол алғашқы айналымда чехиялық Дарья Видманованы 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Осылайша, келесі жеңіс Рыбакинаны US Open турнирінің үшінші айналымына ғана емес, бұдан да қомақты жүлде қаржысына жақындата түседі.

Қазіргі таңда қазақстандық теннисші өзіне шамамен 102,2 млн теңге көлеміндегі сыйақыны қамтамасыз етті. Ал турнирде топ жарған жағдайда оның табысы 3 млрд теңгеге жуықтауы мүмкін.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie