Елена Рыбакина - Ига Швентек. Онлайн көру
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Цинциннатиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде жүлде үшін күресін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы WTA рейтингінде бесінші орында тұрған польшалық Ига Швентекпен кездеседі.
Үздік сегіздікке дейінгі жолда Рыбакина америкалық Тэйлор Таунсендті, польшалық Магдалена Френхті және ресейлік Диана Шнайдерді жеңді. 1/8 финалда қазақстандық теннисші Шнайдерді екі сетте 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында қолжетімді.
Швентек бұл кезеңге колумбиялық Эмилиана Арангоны, грекиялық Мария Саккариді және франциялық Диан Парриді жеңіп жетті.
Алдағы кездесу Рыбакина үшін польшалық теннисшіден қарымта қайтаруға мүмкіндік болмақ. Қарсыластар жуырда Торонто турнирінің финалында кездесіп, сол ойында Швентек жеңіске жеткен еді.
Матч 20-нан 21 тамызға қараған түні өтеді және Астана уақытымен 04:00-де басталады. Кездесудің тікелей көрсетілімі осы сілтеме арқылы қолжетімді болады.