locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Елена Рыбакина Қазақстан құрамасы бойынша шешім қабылдады

Billie Jean King кубогының финалдық матчтарына қатысады – 2026
ФОТО: КТФ

Қазақстан теннис федерациясы алдағы «Billie Jean King Cup» командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысатын еліміздің әйелдер ұлттық құрамасының құрамын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

22-27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Center Arena аренасында қазақстандық теннисшілер әлем чемпионы атағы үшін таласады. Әлемдік додада ел намысын әлемдік рейтингтің үздік ондығына енген спортшыларымыз бен жас әрі болашағынан зор үміт күттіретін қазақстандық теннисшілер қорғайды.

Ұлттық құраманы таныстырады:
Елена Рыбакина (WTA №2);
Анна Данилина (жұптық разрядта №6);
Юлия Путинцева (WTA №81);
Жібек Құламбаева (жұптық разрядта WTA №115);
Соня Жиенбаева (WTA №735).

Капитан – Юрий Щукин.

Қазақстан құрамасы (BJKC рейтингінде 7-орын) турнирді Испания құрамасына (BJKC 4-орын) қарсы матчпен бастайды. Бұл ширек финалдық кездесу 23 қыркүйекте сағат 14:00-де (Қазақстан уақыты бойынша) өтеді.
Әр қарсыласу үш матчтан тұрады: екі жеке және бір жұптық ойын.



Матчтардың толық кестесі (уақыт Қытайдың стандартты уақыты бойынша — CST):

22 қыркүйек (сейсенбі)
Чехия — Ұлыбритания (17:00) — 1-ширек финал;
23 қыркүйек (сәрсенбі)
Қазақстан – Испания (17:00) — 2-ширек финал;
24 қыркүйек (бейсенбі)
Украина — Бельгия (10:00) — 3-ширек финал;
Қытай — Италия (17:00-ден ерте емес) — 4-ширек финал;
25 қыркүйек (жұма)
1-жартылай финал (17:00)
1-ширек финал жеңімпазы — 2-ширек финал жеңімпазы;
26 қыркүйек (сенбі)
2-жартылай финал (17:00)
3-ширек финал жеңімпазы — 4-ширек финал жеңімпазы;
27 қыркүйек (жексенбі)
Финал (17:00).

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы осы жылдың сәуір айында өз алаңында Канада құрамасын 3:1 есебімен ұтып, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алған болатын. Қазіргі чемпион — Италия құрамасы.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie