locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик Шанхайдағы турнирдің жұптық разрядындағы күресін тоқтатты

Қазақстандық теннисші Бен Шелтонмен жұп болып сәтсіз өнер көрсетті
ФОТО: Getty Images

Александр Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінің жұптық разрядындағы күресін тоқтатты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жұптық разрядтың 1/16 финалында қазақстандық теннисші америкалық Бен Шелтонмен жұп болып өнер көрсетті. Қазақстандық-америкалық дуэттің қарсыластары бейтарап мәртебеде өнер көрсетіп жүрген беларусь Иван Лютаревич пен ресейлік Дмитрий Медведев болды.

Бублик пен Шелтон 0:2 (4:6, 3:6) есебімен жеңіліп қалды. Қарсыластар кортта бір сағатқа жуық уақыт өткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Бублик Шанхайдағы «Мастерс» турнирінде жекелей разрядтағы өнерін сәтті бастады. Қазақстандық теннисші алғашқы матчында ATP рейтингінде 75-орында тұрған чех Томаш Махачпен кездесіп, сенімді жеңіске жетті (6:4, 7:6).

Бубликтің жекелей разрядтағы келесі қарсыласы италиялық Маттео Берреттиниді турнирден шығарған америкалық Брэндон Накашима болады — 7:6 (7:4), 7:5.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie