«Қайрат» – «Жетісу»: ҚПЛ матчына арналған құрамдар
Сенбі, 10 қазанда Алматының «Қайраты» Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында «Жетісуды» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алматыдағы матчтың алғашқы ысқырығы сағат 17:00-де естіледі. Кездесуді тікелей эфирде KFF-тің YouTube арнасынан көруге болады.
Командалардың бастапқы құрамдары:
«Қайрат»: Темірлан Анарбеков (Қ) – Лев Курғын, Александр Мартынович (К), Александр Широбоков, Еркін Тапалов – Яакко Оксанен, Густаво Мендонса, Ойва Юккола, Луиш Мата – Эдмилсон, Марк Гуаль;
«Жетісу»: Степан Сикач (Қ) – Асхат Балтабеков, Луна Флорес, Дінмұхамед Қашкен, Рауан Орынбасар, Әділхан Дөбай – Адам Адахаджиев, Нұрберген Нұрбол, Мәди Жақыпбаев, Серікжан Мұжықов – Нұрбол Ануарбеков;
Бүгінгі матч қарсаңында Рафаэль Уразбахтин шәкірттері ҚПЛ турнирлік кестесінде екінші орында тұр. Олар көшбасшы «Ордабасыдан» төрт ұпайға қалып келеді.
«Жетісу» 22 ұпаймен кестенің соңында тұр және элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін жанқиярлықпен күресуде. ҚПЛ маусымының аяқталуына төрт тур қалды.
