locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» - «Авангард»: Кравец бастапқы құрамды атады

Астанадағы матчтың алғашқы ысқырығы 16:30-да естіледі
ФОТО: «Барыс»

10 қазанда ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» өз айдынында омбылық «Авангардты» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астанадағы матчтың алғашқы ысқырығы 16:30-да естіледі. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Астана командасының бас бапкері Михаил Кравец ойынға қатысатын құрамды жариялады.

«Барыстың» құрамы:
Шутов (Шепард);
Масси — Дэй, Логвин — Пилон — Бэйли;
Маккошен — Данияр, Симонов — Морелли — Томпсон;
Бритиков — Приски, Омирбеков — Шестаков — Ляпунов;
Бекетаев — Алибек, Савицкий — Шайхмедденов — Асетов.

Айта кетейік, Кравец шәкірттері бұл ойынға мәскеулік «Спартакты» сырт алаңда жеңгеннен кейін шығады. Астаналық клуб буллиттер сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетті. «Авангард» та соңғы матчында сырт алаңда жеңіске жеткен. Омбылық команда төменқамдық «Нефтехимиктен» 1:0 есебімен басым түсті.

Қосымша айта кетсек, бүгінгі матч алдында «Барыстың» еншісінде 14 ұпай бар (кестеде 7-орын). «Авангард» 12 ұпай жинаған (9-орын). Екі команда да ҚХЛ-дың жаңа маусымында 12 матчтан өткізді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie