locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик Шанхайдағы турнирде әлемнің екінші ракеткасына есе жіберді

Қазақстандық теннисші Александр Зверевпен үш сетке созылған матчтан кейін ATP-1000 турниріндегі өнерін аяқтады
Бублик Шанхайдағы турнирде әлемнің екінші ракеткасына есе жіберді
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан «Мастерс» сериялы турнирдің төртінші айналымында германиялық Александр Зверевке есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.

ATP рейтингінде 22-орында тұрған Александр Бублик әлемнің екінші ракеткасымен кездесіп, үш сетте жеңіліп қалды - 6:7 (6:8), 6:4, 6:7 (1:7). Матч 2 сағат 41 минутқа созылды.

Айта кетейік, осы нәтижеден кейін де өзара кездесулерде қазақстандық теннисші басымдықты сақтап қалды. Бубликтің еншісінде үш жеңіс болса, Зверев екі рет жеңіске жеткен.

Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдегі өнерін аяқтады. Ал Зверев ширек финалға шығып, онда ATP рейтингінде тоғызыншы орында тұрған австралиялық Алекс де Минаурмен кездеседі.

Шанхайдағы турнирдің жеңімпазы рейтингтік 1000 ұпайға ие болып, 1 151 380 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Еске салайық, Александр Бублик Shanghai Masters турнирін чехиялық Томаш Махачты жеңуден бастады. Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуде 6:4, 7:6 есебімен басым түсті. Одан кейін ол америкалық Брэндон Накасиманы үш сетте — 6:7, 6:3, 7:6 есебімен жеңді.

Ал Зверев турнирдегі алғашқы кездесуінде қытайлық У Ибинді 6:4, 7:6 есебімен ұтты. Кейін француз теннисшісі Кантен Алисті 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңді.

Неміс теннисшісі ATP рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланғаннан кейін әлемнің бірінші ракеткасы атанады. Ол рейтинг көшбасшысы болуын қамтамасыз етті, алайда бұл мәртебе жаңартылған рейтинг жарияланған соң ресми түрде расталады.

Зверев Рыбакинамен тарихи жетістікті қайталады: теннистің қос жұлдызы неге қол жеткізді?

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie