Путинцева Уханьда өткен WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Уханьда өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады. Алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 82-орында тұрған спортшы үздік 60 теннисшінің қатарына кіретін қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Матч үш сетке созылып, алғашқы партияның жеңімпазы тай-брейкте анықталды. Нәтижесінде Путинцева ойын барысын өзгертіп, 6:7 (1:7), 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 2 сағат 51 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші бірде-бір эйс жасамай, бір қос қателік жіберді және 16 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды.
Келесі айналымда Путинцева әлемдік WTA рейтингінде 13-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдермен кездеседі. Матч 14 қазанда Астана уақытымен сағат 07:00-де өтеді.
Еске салайық, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина аяқ жарақатына байланысты бұл турнирге қатыспайды. Осылайша, аталған жарыстың жекелей сынында Қазақстан атынан тек Путинцева өнер көрсетіп жатыр.