locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты

Қазақстанның бірінші ракеткасы орын алған қайғылы оқиғаға бейжай қарамады
Бублик Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
ФОТО: reposta.kz

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Каспий теңізінің жағалауындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Instagram парақшасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтқан жазба жариялады

«Каспийде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан жігіттердің отбасыларына көңіл айтамын», — деп жазды Бублик.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілер тобы теңізге түсіп кеткен. Кейін Қорғаныс министрлігі 12 адамның қаза тапқанын растады.

Қаза тапқандардың арасында бір аға лейтенант пен мерзімді әскери қызметтегі 11 матрос болды. Қорғаныс министрлігі олардың аты-жөнін жариялап, әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты. Нақтыланған мәлімет бойынша, үш адамды құтқару мүмкін болған, тағы екі адамды іздеу жұмыстары жалғасты.

Оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаның себептерін анықтау және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Бұған дейін Sports24.kz Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 20 жастағы Сержан Аяпберген туралы жазған болатын. Ол мерзімді әскери қызметке дейін самбо және дзюдомен айналысып, маңғыстаулық «Жас Батыр» спорт мектебінің тәрбиеленушісі болған. Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, халықаралық жарыстарға қатысқан. Оның есімі де Қорғаныс министрлігі жариялаған қаза тапқандар тізіміне енді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie