locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Түркия – Франция матчы Ұлттар лигасында. Онлайн көру

Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасында көрсетіледі
Түркия – Франция матчы Ұлттар лигасында. Онлайн көру
ФОТО: instagram.com/equipedefrance

Кездесу Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады. Ұлттық құрамалар арасындағы матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Аты аңызға айналған француз футболшысы Зинедин Зидан үшін бұл матч үш түсті елдің құрамасы тізгініндегі алғашқы ойын болмақ.

«Реал» клубының бұрынғы бас бапкері Дидье Дешам 2026 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатынан кейін қызметінен кеткен соң, Франция құрамасын басқарды.

2026 жылғы әлем чемпионатында Франция құрамасы жартылай финалда Испаниядан 0:2 есебімен жеңіліп, үшінші орын үшін өткен кездесуде Англияға голға толы ойында 4:6 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде француздар турнирді төртінші орынмен аяқтады.

Ал Түркия құрамасы алаң иесі АҚШ, Аустралия және Парагваймен бірге D тобынан сенсациялық түрде шыға алмады. Алғашқы екі турда Винченцо Монтелланың шәкірттері Аустралия мен Парагвай құрамаларына гол соға алмай, сәйкесінше 0:2 және 0:1 есебімен жеңілді. Ал соңғы матчта америкалықтарды жеңгенімен, бұл кездесу командалардың турнирдегі жағдайына әсер еткен жоқ.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie