Қазақстан сырықпен секіруден Азия ойындарының жүлдесін жеңіп алды
Қазақстан құрамасының өкілі Полина Иванова Аичи мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әйелдер арасындағы сырықпен секіру жарысының финалында қазақстандық спортшы 4,15 метр биіктікті бағындырды. Үндістан өкілі Бараника Элангован да дәл осындай нәтижеге қол жеткізді. Нәтижесінде екі спортшы үшінші орынды бөлісті.
Жарыста жапониялық Мисаки Морота 4,55 метр биіктікті бағындырып, алтын медаль иеленді. Қытайлық Ню Чунгэ 4,50 метр нәтижесімен күміс жүлдеге қол жеткізді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Анна Черкашина 4,00 метр нәтижесін көрсетіп, жетінші орын алды.
Иванованың қола медалі Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы 30-шы жүлдесі болды. Осылайша, ұлттық құраманың қоржынында қазір сегіз алтын, сегіз күміс және 14 қола медаль бар.
Бұған дейін семсерлесуден Қазақстан құрамасының өкілдері Ирина Бакалдина, Владислава Андреева, София Николайчук және Дарья Самоделкина әйелдер арасында Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан құрамасына тарихтағы алғашқы медальды жеңіп алған болатын.