locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Рыбакинаның US Open-дегі мүмкіндігіне күтпеген болжам жасады

Евгений Кафельников Еленаның алғашқы матчындағы нәтижесіне болжам жасады
ФОТО: Getty Images

Бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Евгений Кафельников Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы матчының нәтижесіне болжам жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Оның пікірінше, Қазақстанның бірінші ракеткасы турнирдегі алғашқы кедергіні америкалық Теа Фродинге қарсы матчта еңсеруі тиіс.

«Рыбакина – үлкен жұмбақ. Оның физикалық жағдайы қандай екенін білмеймін. Ол кортқа шыққан күннің өзінде, бірінші кезеңнен, алғашқы айналымнан өтуі керек деп ойлаймын», – деді Кафельников.

Еске салайық, 1 қыркүйекте қазақстандық теннисшілер үшін US Open турнирінің әйелдер арасындағы негізгі кезеңі басталады. Бірінші айналымдағы матчтарын Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева өткізуі тиіс.

Алайда Рыбакина мен Путинцеваның кездесулері жаңбырға байланысты бұған дейін екі рет кейінге шегерілді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie