locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық теннисшілер Азия ойындарындағы қарсыластарын білді

Азия ойындарындағы ерлер арасындағы жекелей теннис турнирінің жеребесі тартылды
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық теннисшілер Жапонияда өтетін 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарындағы алғашқы қарсыластарын білді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жеребеде бесінші нөмірмен белгіленген Тимофей Скатов теннис турнирінің екінші кезеңінде ирандық Рахмани Касрамен ойнайды. Екінші нөмірмен белгіленген Александр Шевченко екінші кезеңде бірінші айналымдағы непалдық Бастола Абхишек пен моңғолиялық Урнух Золбадар арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстанның Азия ойындарына қатысатын теннис құрамасының соңғы өтініміне 8 спортшы енді. Алайда жекелей сында бір елдің атынан шығатын теннисшілер санына шектеу қойылған — екі спортшыдан артық болмауы керек.

Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтетін теннис турнирінің негізгі матчтары 27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында ойналады.

Еске салайық, Тимофей Скатов Дэвис кубогының шешуші матчында Қазақстанға Таиланд құрамасын жеңуге көмектесті. Скатов қазақстандық теннисшілерге Дэвис кубогының 2027 жылғы маусымындағы Әлемдік топтың бірінші дивизионы плей-оффына жолдама әперді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie