locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Азияда медальдар есебі: Өзбекстан Қазақстанмен арадағы алшақтығын қысқартты

Жапонияда өткен Азия ойындарының алтыншы жарыс күні аяқталды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: olympic.kz

Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының алтыншы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан құрамасы алтыншы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Азия ойындарының жалпы медальдер есебінде төртінші орынға жайғасты. Қазақстан спортшыларының қоржынында түрлі деңгейдегі 30 жүлде бар: сегіз алтын, сегіз күміс және 14 қола медаль.

25 қыркүйекте қазақстандық спортшылар бес қола жүлдеге қол жеткізді.

Жалпы есепте Қытай көш бастап тұр (159 жүлде — 98 алтын, 37 күміс және 24 қола). Екінші орында 28 алтын медалі бар Жапония орналасқан, ал үздік үштікті Оңтүстік Корея (13 алтын медаль) түйіндейді. Өзбекстан бесінші орынға көтерілді (31 жүлде, оның жетеуі — алтын).

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисшілер Азия ойындарындағы алғашқы қарсыластарын анықтаған болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie