Алькарас \"Үлкен дулыға\" турнирі алдында жарқын мәлімдеме жасады
Испаниялық феномен Карлос Алькарас ақыры кортқа оралады – бұл жаңалықты әлемнің миллиондаған жанкүйері қуана қарсы алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Әлемнің екінші ракеткасы Карлос Алькарас өз әлеуметтік желілерінде 2026 жылғы АҚШ Ашық чемпионатына қатысатынын ресми түрде жариялады. 23 жастағы испандық оң қолының білегінен алған жарақатына байланысты ұзақ реабилитациядан өтіп, Флашинг-Медоуз корттарында басты трофей үшін тағы да күресуге дайын екенін мәлімдеді.
Испаниялық спортшы төрт айдан астам жарыстардан тыс қалуға мәжбүр болды. Оның білегі сәуір айының ортасында Барселонадағы турнирде жарақат алған болатын, осы себепті ол Ролан Гаррос пен Уимблдонды, сондай-ақ жуырда өткен Цинциннати Masters турнирін де жіберіп алды. Алайда соңғы жаттығулар оның толық қалпына келгенін және турға қайта оралуға толық дайын екенін көрсетті.
Айта кету керек, Алькарас АҚШ Ашық чемпионатына қазіргі чемпион ретінде қатысады. 23 жастағы теннисші "Үлкен дулыға" турнирлерінде жекелей сында 7 титулға және ATP турнирлерінде 26 жеңіске ие.
Биылғы жылы Австралия Ашық чемпионатындағы триумфы оның мансабында "карьерлік Үлкен дулығаны" ең жас жаста бағындырған теннисші атануына мүмкіндік берді.