Соболенко АҚШ-тағы турнирдегі сенсациялық шығысында жанкүйерлерді қылығымен таңғалдырды
Американың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 сериялы турнирі Арина Соболенко үшін күтпеген жерден 1/8 финалда аяқталды. Әлемнің бірінші ракеткасының жүйкесі сыр бергені корттағы әрекетінен де анық көрінді, деп хабарлайды Sports24.kz.
20 жастағы чехиялық Сара Бежлекпен өткен матчтың алғашқы сетінде Соболенко тай-брейкте ұтылып, қатты ашуланды.
Екінші сеттің басында ол екі брейк-пойнт иеленді. Алайда, қалаған добын ала алмаған Соболенко, допты күшпен болбойға және трибунаға қарай ұрып жіберді. Салдарынан болбой допты көрермендердің арасынан барып алып келуге мәжбүр болды.
Әлеуметтік желілерде Соболенконың бұл әрекеті сынға ұшырап, болбойға деген мұндай қарым-қатынас лайықсыз деп бағаланды:
«Мұндай тек ұтылып жатқанда ғана болады».
«Бұл балаға шынымен де жаман қарым-қатынас».
«Мүлдем деңгей жоқ».
Еске сала кетейік, Бежлекке қарсы жеңіліс Соболенконы тек Цинциннати турнирінен ғана емес, сонымен қатар әлемдік рейтингте көшбасшы орнын сақтап қалу мүмкіндігінен де айтарлықтай айырды. Енді бұл орынға Елена Рыбакина нағыз үміткер болып отыр.