Аңызға айналған Серена Уильямс кортқа қайта оралды
Аңызға айналған Серена Уильямс ұзақ үзілістен кейін кортқа қайта оралды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Америкалық теннисші Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирде жұптық сында канадалық теннисші Виктория Мбокомен бірге сәтті өнер көрсетті.
Америкалық-канадалық дуэт үшінші нөмірлі Николь Мелихар (АҚШ) мен Эрин Рутлиффті (Жаңа Зеландия) екі сетте – 7:6 (7:2), 6:2 есебімен жеңді.
Ширек финалда Серена мен Виктория Лейла Фернандес пен Лаура Зигемундқа немесе Александра Панова мен Деми Схюрске қарсы кортқа шығады.
Айта кетейік, бұл Уильямс үшін 2022 жылы мансабын аяқтағанын жариялағаннан кейінгі алғашқы ресми жарысы болды.
Айтпақшы, бұған дейін Елена Рыбакина Серена Уильямстың турға оралуы туралы пікір білдірген болатын.
WTA 500 Лондон. Жұптық сын, 1/8 финал
Виктория Мбоко (Канада) / Серена Уильямс (АҚШ) – Николь Мелихар (АҚШ) / Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) – 7:6 (7:2), 6:2