locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Жоламан Биғабыл Қазақстанға Азиада-2026 додасының үшінші алтынын сыйлады

Қазақстандық каратэші финалда Өзбекстан өкілін ірі есеппен жеңіп, Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Жоламан Биғабыл Қазақстанға Азиада-2026 додасының үшінші алтынын сыйлады
ФОТО: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Айчи–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында үшінші алтын медалін жеңіп алды. Бұл жолы ел қоржынына жүлдені каратэден сынға түскен Жоламан Биғабыл салды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақта кумитэ бағдарламасында өнер көрсетті. Финалда Биғабыл Өзбекстан өкілі Х. Халимовпен кездесіп, қарсыласына мүмкіндік қалдырмады - 9:1. Осы жеңістің арқасында Жоламан Азиада-2026 чемпионы атанды.

Қазақстанның Азиада-2026 додасындағы үш алтыны

Жоламан Бигабылға дейін Қазақстанның екі алтынын тасжол велоспортының өкілдері жеңіп алған еді.

Құраманың алғашқы алтынын Рината Сұлтанова иеленді. Ол әйелдер арасындағы жекелей жарыста 36:23.72 нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озып кетті.

Одан кейін Алексей Луценко ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыста топ жарды. Бұл қазақстандық велошабандоздың Азия ойындарындағы мансабындағы бесінші алтын медалі болды.

Енді олардың қатарына Жоламан Бигабыл қосылып, Қазақстан құрамасының Азиада-2026 додасындағы алтын медаль саны үшке жетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie