locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Алексей Луценко Қазақстанға Азиада-2026 додасының екінші алтынын сыйлады

Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко тасжолдағы жекелей сында топ жарып, Азия ойындарындағы бесінші алтын жүлдесіне қол жеткізді
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Алексей Луценко Қазақстанға Азиада-2026 додасының екінші алтынын сыйлады
ФОТО: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұл жолы ел қоржынына жүлдені Қазақстанның ең титулды велошабандоздарының бірі Алексей Луценко салды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық спортшы ерлер арасындағы тасжолдағы жекелей уақытқа жарыста қарсыластарынан озып, Азиада-2026 додасының алғашқы жарыс күнінде жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Луценко үшін бұл мансабындағы төртінші Азия ойындары. Ал Жапонияда жеңіп алған жүлде оның құрлықтық додадағы бесінші алтыны болды. Бұған дейін ол Инчхон мен Джакартадағы Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста чемпион атанған. 2018 жылы Джакартада командалық жарыста да алтын медаль иеленді. Ал Ханчжоудағы алдыңғы Азиадада осы бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген еді.

Луценконың еншісінде басқа да ірі жетістіктер бар. Ол 2012 жылы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанса, 2017 жылы Азия чемпионатында топ жарды.

Қазақстанның алғашқы алтынын Рината Сұлтанова жеңіп алды

Бұған дейін Қазақстан құрамасының Азиада-2026 додасындағы алғашқы алтынын Рината Сұлтанова жеңіп алған еді. Ол әйелдер арасындағы тасжолдағы жекелей жарыста 36:23.72 нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озып кетті.

Екінші орын Қытай өкіліне бұйырса, үздік үштікті Оңтүстік Корея спортшысы түйіндеді.

Осылайша, Қазақстанның Азиада-2026 додасындағы алғашқы екі алтын медалі де тасжол велоспортынан келді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie