locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Флик Рафиньяның керемет формасының сырын түсіндірді

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик маусымның сегіз матчында 14 гол соғып, үш нәтижелі пас берген Рафиньяның ойынына баға берді
Видео: Флик Рафиньяның керемет формасының сырын түсіндірді
ФОТО: Getty images
Ла Лига Испания
19.09.2026, Аяқт.
Севилья
1
Барселона
3

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик каталониялық клуб капитаны Рафиньяның маусымды керемет бастауы туралы пікір білдірді. Неміс маманы бразилиялықтың мұндай нәтижесі өзін таңғалдырмайтынын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Маусым басында Флик Рафиньяны шабуылшы позициясына ауыстырды. Бұл өзгеріс бірден нәтиже берді: бразилиялық сегіз кездесуде 14 гол соғып, үш нәтижелі пас жасады.

«Барселона» бапкері Рафиньямен қатар Ламин Ямальдың да шеберлігін ерекше атап өтіп, екі футболшының шабуылды аяқтау сәтінде команда үшін қаншалықты маңызды екенін айтты.

«Рафиньяның жетістігі мені еш таңғалдырмайды. Ол Ламин Ямаль секілді ерекше футболшы. Екеуі де - үздіктер. Олар шабуылдың шешуші кезеңінде өте шебер ойнайды», - деді Флик.

Рафинья соңғы кездесулерде ерекше нәтижелілігімен көзге түсті. Бразилиялық қатарынан екі матчта хет-трик жасады. Алдымен ол «Расингке» қарсы ойында үш рет мергендік танытып, «Барселонаның» 7:2 есебімен жеңіске жетуіне көмектесті.

Арада бірнеше күн өткенде каталониялықтардың капитаны тағы үш гол соқты. Бұл жолы Рафинья Ла Лигадағы «Севильяға» қарсы сырт алаңдағы кездесуде хет-трик жасап, командасына 3:1 есебімен камбэк жасауға көмектесті.

Осылайша, Рафинья маусым басында «Барселонаның» басты сұрмергеніне айналды. Сегіз ресми матчтан кейін оның еншісінде 14 гол және үш нәтижелі пас бар.

Ханс-Дитер Фликтің Рафинья туралы толық пікірін Sports24.kz төмендегі видеодан көруді ұсынады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie