locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық бессайысшылар 16 жылдан кейін Азиада жүлдесіне қайта қол жеткізді

Қазақстанның қазіргі бессайыстан ерлер құрамасы Азиада-2026 додасында қола жүлде иеленді. Бұл ел құрамасының жарыстың алғашқы күніндегі екінші қола медалі болды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстандық бессайысшылар 16 жылдан кейін Азиада жүлдесіне қайта қол жеткізді
ФОТО: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Айчи–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында жүлде қорын толықтыруды жалғастыруда. Қазіргі бессайыстан ерлер командасы жалпыкомандалық есепте үшінші орын алып, ел қоржынына тағы бір медаль салды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл нәтиженің қазақстандық бессайыс үшін маңызы ерекше. Ел спортшылары Азия ойындарының тұғырына 16 жылдан кейін қайта көтерілді. Қазақстан бұл спорт түрінен соңғы рет 2010 жылғы Азиадада жүлде алған еді.

Финалдық кезеңде Қазақстан атынан Тихон Варехин, Темірлан Абдраимов және Лев Чувашов өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылар бұған дейін жартылай финалдық кезеңнен сәтті өтіп, шешуші сынға жолдама алған.

Қазіргі бессайыс бағдарламасына семсерлесу, жүзу, кедергілер жолағынан өту және жүгіру мен нысана көздеуді біріктіретін laser run сайысы кіреді.

Қазақстан Азиаданың алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде екі рет жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Екі алтын медальді де ел қоржынына тасжол велоспортының өкілдері салды.

Азиада-2026 додасындағы Қазақстанның алғашқы алтынын Рината Сұлтанова жеңіп алды. Ол әйелдер арасындағы жекелей жарыста 36:23.72 нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан озып кетті.

Одан кейін Алексей Луценко ерлер арасындағы жекелей уақытқа жарыста топ жарды. Қазақстандық велошабандоз үшін бұл Азия ойындарындағы мансабындағы бесінші алтын медаль болды.

Бұған дейін Арлан Жанабай ерлер арасындағы триатлонда қола жүлдеге ие болған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie