locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сен әлдеқашан жеңдің»: Олимпиада чемпионы Тоқсанбаеваға үн қатты

Юрий Мельниченко жеңіл атлет қыздың жетістігін онсыз да айрықша деп санайды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Сен әлдеқашан жеңдің»: Олимпиада чемпионы Тоқсанбаеваға үн қатты
ФОТО: НОК РК

1996 жылғы Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко 2026 жылғы Азия ойындарында марафондық қашықтықтағы спорттық жүрістен күміс медаль алған жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаеваға қолдау білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Спорт әлемінде талай қиындықты бастан өткерген балуан қорытынды нәтиже қандай болғанына қарамастан, мұндай мәреге жетудің өзі көп нәрсені білдіретінін және әрі қарай өсуге ынталандыратынын айтты:

«Ясмина, саған бірнеше сөз айтқым келеді. Мен спортта жүргеніме көп жыл болды. Жапонияда өткен Азия ойындарында, Олимпиадада, әлем чемпионаттарында жеңіске жеттім. Бірақ жеңілген кездерім де болды, әлем чемпионаттарынан екі рет екінші орынмен қайттым. Сен маған сен, ең маңызды сабақтарды тұғырда тұрған кезде алған жоқпын.

Кеше сен өміріңде алғаш рет марафондық қашықтықты жүгіріп өттің. 42 шақырым 195 метр. 21 жасыңда бәрінен озып, үлкен басымдықпен мәреге жеттің. Мұны бүкіл ел көрді. Мұны сенің қарсыластарың да көрді. Одан кейін болған жағдай өте ауыр тиді. Мен сені түсінемін. Бар күшіңді жұмсап, ал нәтижеңді тартып алғанда, бұл кез келген спортшы үшін ауыр сынақ. Қазір өзіңе қалыпқа келіп, күш жинауға уақыт беру маңызды.

Бірақ ең бастысы — мынаны есіңде сақта. Хаттаманы өзгертуге болады. Сенің күшіңді, мінезіңді және осы шақырымдарды қалай бағындырғаныңды өзгерту мүмкін емес. Бұл сенің бойыңда мәңгі қалады. Сен өзің қайта оралып, мұны тағы да жасайтыныңды айттың. Мен саған сенемін. Мұндай сәтте мұндай сөздерді тек нағыз чемпиондар айтады. Алда сені талай жарыс пен талай жеңіс күтіп тұр. Біз сен үшін жанкүйер боламыз. Берілме. Сен әлдеқашан жеңдің», — деп жазды Мельниченко Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы жауапкершіліктен бас тартпайтынын мәлімдеп, сонымен бірге спортшының құқықтарын қорғауды жалғастыратынын айтқан еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie