Кравец КХЛ рейтингінде өз орнын білді: көшбасында — «Барысты» жеңген бапкер
«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец маусымның алғашқы үш аптасының қорытындысы бойынша Құрлықтық хоккей лигасының үздік он тәлімгері қатарына енді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Чемпионат» жариялаған рейтингте астаналық команданың бапкері тоғызыншы орынға жайғасты. Көшбасшылар қатарында өткен сенбіде «Барысты» 6:3 есебімен жеңген «Нефтехимик» командасының тәлімгері Игорь Гришин де бар.
КХЛ бапкерлерінің рейтингі:
1. Игорь Гришин («Нефтехимик»)
2. Алексей Исаков («Торпедо»)
3. Виктор Козлов («Салават Юлаев»)
4. Андрей Разин («Металлург»)
5. Дмитрий Квартальнов («Локомотив»)
…
9. Михаил Кравец («Барыс»)
Еске салайық, алғашқы үш жарыс аптасының қорытындысы бойынша «Барыс» тоғыз кездесу өткізіп, бес жеңіске жетті және төрт рет жеңіліс тапты. Астана қаласының ұжымы он ұпай жинап, КХЛ-дің Шығыс конференциясында бесінші орында тұр.
Кравец шәкірттері келесі матчын 30 қыркүйекте Қазан қаласында жергілікті «Ак Барсқа» қарсы өткізеді.