locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Азиада-2026: Қазақстан мен Өзбекстаннан қанша боксшы жартылай финалға шықты

Қазақстаннан бес боксшы, Өзбекстаннан жеті боксшы жартылай финалға шықты
Азиада-2026: Қазақстан мен Өзбекстаннан қанша боксшы жартылай финалға шықты
ФОТО: olympic.kz

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында бокстан ширек финалдық кездесулер аяқталып, жартылай финалға шыққан спортшылар анықталды. Қазақстан құрамасынан бес боксшы жүлде үшін күресті жалғастырса, Өзбекстаннан жеті спортшы 1/2 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан сапында Махмұд Сабырхан (55 кг дейін), Төрехан Сабырхан (70 кг дейін), Айбек Оралбай (+90 кг), Алуа Балқыбекова (51 кг дейін) және Наталья Богданова (75 кг дейін) жартылай финалға шықты. Бұл бес спортшы да кемінде қола жүлдені алдын ала қамтамасыз етті.

Осылайша, Қазақстан жартылай финалда үш ер және екі әйел боксшымен өнер көрсетеді. Ал 90 кг дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ширек финалда өзбекстандық Тұрабек Хабибуллаевқа төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберіп, жарысты аяқтады.

Өзбекстан құрамасынан жартылай финалға жеті боксшы шықты. Ерлер арасында Абдумалик Халоков, Шавкатжон Болтаев, Фазлиддин Эркинбоев, Тұрабек Хабибуллаев және Жахонгир Зокиров, ал әйелдер арасында Феруза Казакова мен Ситора Турдибекова медаль үшін күресті жалғастырады.

Жартылай финалдық кезеңде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тағы бір принципті кездесу өтеді. 70 кг дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан Шавкатжон Болтаевпен кездеседі.

Қазақстандық боксшылардың қалған жартылай финалдық жұптары мынадай: Махмұд Сабырхан филиппиндік Карло Пааламмен, Айбек Оралбай үндістандық Нарендермен, Алуа Балқыбекова вьетнамдық Нгуен Тхи Таммен, ал Наталья Богданова үндістандық Ловлина Боргохаинмен финал жолдамасын сарапқа салады.

Жалпы есепте Өзбекстан жеті жартылай финалистпен алда тұр. Қазақстанда бес боксшы бар. Енді қос құраманың да басты мақсаты - кепілденген медальдарды финал жолдамасына айналдыру.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie