locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Париж мэрі GTA 6-ға бола жұмысқа кешікті деген қауесетке жауап берді

Эммануэль Грегуар түнде ойын ойнағаннан кейін қалалық кеңестің таңғы отырысына қатыспады деген ақпаратты жоққа шығарды
Басқа спорт түрлері
Париж мэрі GTA 6-ға бола жұмысқа кешікті деген қауесетке жауап берді
ФОТО: Getty Images

Париж мэрі Эммануэль Грегуар GTA 6 шыққандықтан жұмысқа үш сағатқа кешікті деген қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлеуметтік желідегі талқылауға блогер Энзо Морельдің X желісіндегі жазбасы себеп болды. Оның болжамынша, 19 қарашада қала басшысы жаңа Rockstar Games ойынын түні бойы ойнап, Париж қалалық кеңесі отырысының басына қатыспаған.

Блогер бұл жорамалды Грегуардың Instagram-дағы жазбасымен байланыстырды. Ойын жарыққа шығар алдында мэр GTA 6-ның шығуына дейінгі кері санақты жариялап, оған «Let’s go!» деген жазу қалдырған.

Морельдің айтуынша, қалалық кеңестің отырысы сағат 9:00-де басталғанымен, Грегуар тек түске таман келген. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарады.

Париж мэрі тағылған айыпқа үнсіз қалмай, жұмысқа кешікті деген хабарды жоққа шығарды.

«Кестеме алаңдағандарыңызға рақмет, бірақ мен таңғы 9-ға белгіленген кездесуге уақтылы келдім. Париж мэриясының этика жөніндегі уәкілімен өз кабинетімде кездестім, онымен үнемі кездесіп тұрамын. Одан кейін Париж қалалық кеңесінің отырысына төрағалық еттім», - деп жазды Грегуар X желісінде.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie