locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чимаев RAF лигасында жеңіске жетіп, мәлімдеме жасады

Чимаев үшін бұл жеңіс RAF промоушеніндегі үшінші жетістігі болды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images

БАӘ атынан өнер көрсететін UFC файтері Хамзат Чимаев Real American Freestyle лигасында кезекті жеңісіне қол жеткізді. АҚШ-тың Майами қаласында өткен RAF 13 турнирінде ол бразилиялық Гилберт Бёрнспен кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Орта салмақтағы жекпе-жек екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Чимаев 15:4 есебімен жеңіске жетті.

Жекпе-жектен кейін Хамзат UFC-дің бұрынғы файтері Колби Ковингтонға үн қатып, оны жекпе-жекке шақырды.

Чимаев үшін бұл жеңіс RAF промоушеніндегі үшінші жетістігі болды. Бұған дейін ол лигадағы дебютінде Диллон Дэниспен жекпе-жекте жеңіске жетіп, кейін Тайрон Вудлиден басым түскен. Ал Бёрнс Real American Freestyle лигасында алғаш рет өнер көрсетті.

Чимаев пен Бёрнс кәсіби ММА аясында бұған дейін де кездескен. Олардың жекпе-жегі 2022 жылғы сәуірде UFC 273 турнирінде өтіп, Хамзаттың төрешілердің бірауызды шешімімен жеңуімен аяқталған.

Еске сала кетейік, RAF лигасында Қазақстан атынан еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан, сондай-ақ танымал қазақстандық ММА файтерлері Асу Алмабаев пен Қуат Хамитов өнер көрсетіп жүр.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie