«Тең ойын жеңіліс сияқты сезіледі»: Жуков – «Ұлытаумен» матч туралы
«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков КПЛ-дің 27-туры аясында «Ұлытаумен» (2:2) өткен матчтағы тең ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Футболшы тең нәтиже оны қанағаттандырмағанын, ал қарсыластың басты қаруы қарсы шабуылдар болғанын атап өтті.
«Жақсы бастадық, есеп аштық, кейін қарсы шабуылдардан гол жібере бастадық, олар бізді осылай екі рет жазалады. Екінші тайында ойнау қиындай түсті. Есепті теңестіріп, жеңіске жетуге тырыстық, өйткені «Оқжетпестің» алға ұзап кеткеніне байланысты тең нәтиже бізді қанағаттандырмады. Есепті теңестіргеніміз жақсы болды, бірақ бұл жеткіліксіз. Бұл тең ойын жеңіліс сияқты сезіледі. Есеп тақтада тұр, айтарым жоқ.
Менің ойымша, бүгінгі басты мәселе – олардың қарсы шабуылдарға тым жиі шығуында болды. Бұл оларға жақсы шықты. Ойынды қайта қарап, талдау қажет», – деді Жуков матчтан кейін.
Ақтөбеліктер кездесу барысында басымдықтарын уыстан шығарып алды, тіпті жеңіліп қалуға шақ қалды. Алайда Темірлан Ерлановтың қосымша уақытта соққан голы командаға бір ұпай сыйлады.
Осы кездесуден кейін «Ақтөбе» 42 ұпай жинап, КПЛ турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.