locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шұғыл: Шираз Алимханұлымен жекпе-жектен бас тартты

WBO титулдық жекпе-жектің өтпейтінін ресми түрде растады
ФОТО: @janibek_alimkhanuly

WBO британдық Хамза Шираз бен қазақстандық Жәнібек Алимханұлы арасындағы титулдық жекпе-жектің өтпейтінін ресми түрде растады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ұйым Шираздың WBO нұсқасы бойынша аса орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартқанын растады. WBO әлем чемпионаты комитеті осы салмақ дәрежесі бойынша шешімін дүйсенбі, 21 қыркүйекте шығарады.

«WBO Хамза Шираз бен оның командасы жеткізген шешімді, сондай-ақ боксшылар мен олардың командаларының спортшының мүддесі үшін ең дұрыс деп санайтын шешімдерді қабылдау құқығын мойындайды әрі құрметтейді», — делінген ұйымның ресми мәлімдемесінде.

Еске салайық, Шираз бен Алимханұлы арасындағы жекпе-жекті өткізу құқығына арналған сауда-саттықта Queensberry компаниясы жеңіске жетіп, оған шамамен 1,2 миллион доллар ұсынған болатын. Жекпе-жек 28 қарашада немесе 5 желтоқсанда Лондон, Бирмингем не Нью-Йорк қалаларының бірінде өтуі тиіс еді.

Бұған дейін Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегі өтпейтіні хабарланған болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie