Қазақстан Азия ойындарында-2026: ашылу салтанатының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады
Сенбі, 19 қыркүйекте, Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында XX жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Салтанатты шараның тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады. Оны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көруге болады.
Қазақстан құрамасы Азия ойындары-2026-ға 559 спортшымен қатысады. Ұлттық құраманың ту ұстаушылары дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисі командасының өкілі Сарвиноз Миркадирова болады.
Ойындарға барлығы 11 мыңнан астам спортшы қатысады. Турнирде спорттың 43 түрі мен 71 дисциплинасы бойынша 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Азия ойындарының-2026 бағдарламасына алғаш рет спорттың алты түрі енді: BMX-фристайлы, аралас жекпе-жек, падел, серфинг, текбол және виртуалды таэквондо.
Жапония тарихта үшінші рет Азия ойындарын қабылдайды. Бұған дейін жарыстар бұл елде 1958 және 1994 жылдары өткен.