locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ташкенттегі IBA Nomad 16: қайдан көруге болады және қазақстандықтардың қатысуымен өтетін жекпе-жектер тізімі

Турнир аясында қазақстандық спортшылардың қатысуымен титулдық жекпе-жектер өтеді
Ташкенттегі IBA Nomad 16: қайдан көруге болады және қазақстандықтардың қатысуымен өтетін жекпе-жектер тізімі
ФОТО: instagram.com/nomadfighting

Турнир аясында қазақстандық спортшылардың қатысуымен титулдық жекпе-жектер өтеді

Сенбі, 17 қазанда Ташкенттегі Humo Arena кешенінде IBA Nomad 16 турнирі өтеді. Жарысқа Ернар Хусаинов, Жалғас Жұмағұлов, Мұратбек Қасымбай және Қазақстанның өзге де өкілдері қатысады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Турнир Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Жарыстың тікелей көрсетілімі Nomad Fighting YouTube арнасында қолжетімді болады.

IBA Nomad 16 турнирінің толық кард тізімі

Негізгі кард

Мұрад Халидов (Ресей) – Бекжан «Аю» Бакиров (Қазақстан) – ауыр салмақтағы титул үшін реванш.

Ернар «Шторм» Хусаинов (Қазақстан) – Валерий «Орёл» Особов (Ресей) – жеңіл салмақтағы титул үшін жекпе-жек.

Шохжахон Эргашев (Өзбекстан) – Дастан Бекен (Қазақстан).

Искандар Зияев (Ресей) – Торғынбек «Тор» Амиров (Қазақстан).

Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) – Асрор Акпарходжаев (Ресей).

Мұратбек «Қазақ терминаторы» Қасымбай (Қазақстан) – Зелимхан Юсупов (Ресей).

Мұхиддин Мамаджонов (Өзбекстан) – Шодруз Давлатов (Тәжікстан).

Марсель Нурланбек уулу (Қырғызстан) – Самандар Рейнбаев (Өзбекстан).

Алдын ала кард

Әділет «Упучук» Айтжанов (Қазақстан) – Оғабек «Сатурн» Абдумуминов (Өзбекстан).

Қанат «Канский Фестиваль» Құлмағамбетов (Қазақстан) – Умидбек Абдурахимов (Өзбекстан).

Бобур Абдулазизов (Өзбекстан) – Тазабек Баянов (Қазақстан).

Азамат Бақытов (Қазақстан) – Ислом Балтаев (Өзбекстан).

Ұлан «Абдукахар» Нұрғали (Қазақстан) – Ибрагим Шайманов (Ресей).

Нұржан Серікбаев (Қазақстан) – Владимир «Вало» Саруханян (Ресей).

Важе «Мекс» Саруханян (Ресей) – Темур Абдурахманов (Өзбекстан).

Халидов – Бакиров: титул үшін реванш

Кештің басты жекпе-жегінде Мұрад Халидов пен Бекжан Бакиров қайта кездеседі. Алғашқы айқаста төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ресейлік спортшы жеңіске жетіп, ауыр салмақтағы IBA Nomad чемпионы белбеуін иеленген.

Енді Бакиров қарымта қайтарып, чемпиондық атақ үшін күресуге мүмкіндік алады. Ал Халидов қазақстандық қарсыласынан тағы да басым екенін дәлелдеуге тырысады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie