Еркебұлан Тоқтарды жеңген қырғызстандық файтер IBA Nomad 16 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті
Жеңіліс көрмеген қырғызстандық файтер Марсель Нурланбек уулу (16-0) Өзбекстанда өткен IBA Nomad 16 турнирінде нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports24.kz.
IBA Nomad 16 турнирінің басты кардында қырғызстандық спортшы өзбекстандық Самандар Реймбаевпен (3-2) кездесті.
Бірінші раундта Марсель қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді, ал раундтар арасындағы үзілісте файтерлер сөзге келіп қалды. Екінші раундта Марсель қарсыласын тағы да нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұған дейін жұдырықпен жекпе-жек ережесі бойынша (ММА қолғаптарымен бокс) Марсель қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтарды жеңіп, оның сегіз жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясын үзген еді.
2026 жылдың қарашасында Марсель Қырғызстанның Бішкек қаласында өтетін Octagon 93 турнирін басқарады және Octagon лигасының BMF титулы үшін Мырзабек Абылаймен жекпе-жекке шығады.