ВИДЕО: Тоқтар сүйіктісімен көлікте ыстық видео жариялады
Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар сүйіктісі Дарья Подгорнаямен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстандық спортшы әрі актер өз көлігінде сүйіктісімен бірге өткізген сәттерін көпшілікке көрсетті. TikTok-тағы бейнежазбада Тоқтардың қызы биік өкшелі аяқ киімінің бауын әсерлі түрде байлап, музыка ырғағымен камераға ойнақы көзқарас тастайды.
Айта кетейік, бұған дейін Еркебұланның сүйіктісі олардың қарым-қатынасы қалай басталғанын айтып берген болатын. Блогер әрі модель Дарья Подгорная олардың жұп болып көпшілік алдына шыққанға дейін қарым-қатынасы әлдеқайда бұрын басталғанын баяндады.
Дарья Подгорная кім?
Тоқтармен қарым-қатынасқа дейін 21 жастағы ару «Мисс Қазақстан – 2023» байқауына Алматы атынан қатысып, кейін әлеуметтік желілерін белсенді түрде жүргізе бастады. Белгілі спортшымен қарым-қатынасы туралы қауесет жұптың жарияланымдарындағы сәйкестіктер байқалған сәттен бастап күшейе түсті.
Тоқтардың жағдайы қалай?
Қазір Еркебұлан келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр. Соңғы жекпе-жегін ол 4 шілде күні Алматыдағы IBA Nomad 15 турнирінде өткізіп, бірінші раундта ресейлік Артем Тарасовты нокаутқа түсірді.
Тоқтардың келесі ресми айқасы 28 тамызда Астанада өтеді. Ол өзбекстандық файтер әрі блогер Бобиржон «Испанчик» Исроиловпен кездеседі. Жекпе-жек кәсіби бокс ережесі бойынша өтеді.