locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео: Сириль Ган Алексті нокаутқа түсіріп, UFC титулын жеңіп алды

Ган Перейраны жеңіп, UFC-дің уақытша чемпионы атанды
Видео:  Сириль Ган Алексті нокаутқа түсіріп, UFC титулын жеңіп алды
ФОТО: Getty images

Сирил Ган UFC Freedom 250 турнирінде ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуді жеңіп алды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ақ үй аумағында өтіп жатқан тарихи турнирдегі басты жекпе-жектердің бірінде франциялық файтер Сирил Ган бразилиялық Алекс Перейрамен октагонда кездесті.

Бес раундқа жоспарланған кездесуде UFC-дің ауыр салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуі сарапқа салынды. Алайда жекпе-жек толық қашықтыққа созылған жоқ. Екінші раундта Ган қарсыласын нокаутқа түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Осылайша француз спортшысы кәсіби мансабындағы 14-жеңісіне қол жеткізсе, Перейра төртінші рет жеңілістің ащы дәмін татты.

Айта кетейік, Сирил Ган бұған дейін де UFC-дің ауыр салмақтағы уақытша чемпионы атанған болатын. Ал Перейра ұйым тарихындағы екі салмақ дәрежесінде - орта және жартылай ауыр салмақта чемпион болған санаулы файтердің бірі.

UFC Freedom 250 турнирі Вашингтондағы Ақ үй аумағында өтіп жатыр және аралас жекпе-жек тарихындағы ерекше оқиғаға айналды. Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Илия Топурия уақытша чемпион Джастин Гэтжимен кездеседі.

Бұған дейін осы турнирде Шон О’Мэлли де сәтті өнер көрсетіп, канадалық Айманн Захабиді екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie