«UFC-те мені күтіп отырған жоқ» – Еркебулан Тоқтар
Қазақстандық танымал аралас жекпе-жек шебері әрі актер Еркебулан Тоқтар UFC-ге өтуге ұмтылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Біріншіден, мен UFC-ге сұранбаймын және олар да мені күтіп отырған жоқ. Маған бұл қажет емес. Ондай мақсатым жоқ. Тіпті егер мен ол жерде өнер көрсетсем, маған 16 мың доллар ғана төлейді. Ең бастысы, түсіну керек – UFC бұл нарықтың монополисі.
Осы әңгімені Strikeforce-тың бұрынғы чемпионы Мохаммед «Кинг Мо» Лавал бастаған еді, ол жігіт жұмыс істесе, промоушенде әлі де шу шығара алады деген болатын. Біз ондай сөз айтқан жоқпыз. Мен кез келген басқа промоушенде өнер көрсеткім келеді, бірақ Америкада өзімді сынап көру маңызды», – деді Еркебулан Тоқтар «PROMMA PODCAST» подкастында.
Еске сала кетейік, 28 тамыз күні Еркебулан Тоқтар IBA Nomad лигасының турнирінде Жақсылық Үшкемпиров атындағы Жекпе-жек сарайында (Астана) өнер көрсетеді.
Оның қарсыласы – муай-тайдан Bangla Boxing Stadium-ның екі дүркін чемпионы, Өзбекстандық Бобиржон "Испанчик" Исроилов. Оның ММА-дағы кәсіби рекорды – 2-2. Бұған дейінгі жекпе-жегінде Еркебулан Тоқтар ресейлік поп-ММА файтері Артем Тарасовты мерзімінен бұрын жеңген болатын.