Тоқтар мен Исроилов жекпе-жек алдында көз арбасу өткізді
Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар мен өзбекстандық Бобиржон «Испанчик» Исроилов алдағы жекпе-жек алдында көз арбасу өткізді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Тоқтар мен «Испанчик» 28 тамызда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтетін IBA Nomad лигасының турнирінде кездеседі.
Жекпе-жекке қатысушылардың көз арбасу видеосын төменнен тамашалауға болады.
Қазақстандық спортшы әрі актердің алдағы қарсыласы Bangla Boxing Stadium турнирінің муай-тайдан екі дүркін чемпионы атанған. Оның ММА-дағы кәсіби рекорды — 2-2.
Еске салайық, Тоқтар алдыңғы жекпе-жегінде ресейлік поп-ММА файтері Артем Тарасовты мерзімінен бұрын жеңген болатын. Жекпе-жек үш минуттан үш раундқа жоспарланғанымен, айқас бірінші раундта-ақ аяқталды. Еркебұлан алдымен қарсыласын ауыр соққылар сериясымен есеңгіретіп, кейін апперкотпен әсерлі нокаутқа түсірді.
Бұған дейін Тоқтар неліктен UFC-мен тағдырын байланыстырғысы келмейтінін айтқан.