«Нетаньяху Трампты басқарады»: Стриклендке Ақ үйдегі UFC турниріне қатысуға тыйым салынды
UFC-дің орта салмақтағы чемпионы, америкалық Шон Стрикленд Ақ үйде өтетін ұйым турниріне қатысуына тыйым салынғанын мәлімдеді. Бұл турнир 15 маусымда Вашингтонда өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Аралас жекпе-жек шебері бұл жағдайдың Израиль, Джеффри Эпштейн және АҚШ президенті Дональд Трамп туралы әзілдеріне байланысты болғанын атап өтті.
«Шынымды айтсам, мені шеттетіп тастады... Ақ үйде Нетаньяху көрермендер арасында болатын UFC турнирі. Бұл — толықтай сандырақ. Мен, жалғыз америкалық UFC чемпионы, Ақ үйдегі турнирге өтуге тыйым салындым, себебі мен Нетаньяху Трампты басқарады деп айттым. Бұл — пікір емес, бұл — шындық», - деп жазды Стрикленд әлеуметтік желіде.
Стрикленд Чимаевтан белдікті қалай тартып алды
Естеріңізге сала кетейік, UFC 328 турнирінің басты оқиғасы Шон Стрикленд пен Хамзат Чимаев арасындағы чемпиондық жекпе-жек болды.
Айқас толық бес раундқа созылып, Стриклендтің жеңісімен аяқталды. Бір төреші Чимаевты жеңімпаз деп таныды — 48:47, алайда екі төреші де дәл осы есеппен жеңісті америкалыққа берді.
Шешенстан тумасының еншісінде қазір 16 ММА жекпе-жегі: 15 жеңіс, 1 жеңіліс. Стриклендтің көрсеткіші — 31 жеңіс, 7 жеңіліс.