locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өмір бойына шеттету керек»: Стрикленд Двалишвилиге шабуыл жасағандарды қатаң сынға алды

Шон Стрикленд Мераб Двалишвилиге шабуыл жасағандардың барлығын спорттан өмір бойына шеттетуді талап етті
ММА
«Өмір бойына шеттету керек»: Стрикленд Двалишвилиге шабуыл жасағандарды қатаң сынға алды
ФОТО: Getty images

UFC ұйымының орта салмақтағы чемпионы Шон Стрикленд бұрынғы чемпион Мераб Двалишвилиге жасалған шабуылға қатысты өткір пікір білдірді. Америкалық спортшы жаппай төбелеске қатысқандардың барлығын жарыстардан өмір бойына шеттетуге шақырды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Стрикленд бұл туралы грузиялық спортшының әлеуметтік желідегі жазбасына пікір қалдырған. Оқиғаға ашуланған америкалық тек шабуылға қатысушыларды ғана емес, осындай жағдайлар орын алатын елдерді де ауыр сөздермен сынға алды.

«Бұл шабуылға қатысқандардың барлығына өмір бойына жарыстарға қатысуға тыйым салу керек. Мұндай елдерде әлсіз еркектер тым көп. Осындай қорқақтар қаптаған жерлерге аяқ басқым келмейді», – деп жазды Стрикленд.

Америкалық спортшының ашуына Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде болған жанжал себеп болды. Мераб Двалишвили Real American Freestyle (RAF) күрес турнирі қарсаңында қонақүйдің кіреберіс залында сұхбат беріп тұрған. Сол сәтте оған ресейлік Усман Нурмагомедов пен қасындағы бірнеше адам арт жағынан жақындап, артынша төбелес басталған.

Оқиғаның бейнежазбалары әлеуметтік желілерде жылдам тарады. Жарияланған кадрлардан сөзге келіспеушіліктің жаппай төбелеске ұласқанын көруге болады. Двалишвилидің айтуынша, шабуыл жасағандар өзін ғана емес, жанында болған 21 жастағы досын да соққыға жыққан.

Бұған дейін UFC ұйымының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Илия Топурия Нурмагомедов пен оның қасындағы адамдардың ұсталғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ресейлік спортшының екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені жазылды. Алайда бұл мәліметтерді БАӘ құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Оқиғаға қарамастан, Двалишвили өзін жақсы сезінетінін мәлімдеді. 14 қарашада грузиялық спортшы Абу-Дабиде өтетін RAF турнирінде бразилиялық Марлон Мораеспен белдесуі тиіс.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie