locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Арина Соболенко – Мирра Андреева. Онлайн көру

Екі теннисші де турнирді жеңіспен бастап, енді топтағы екінші жеңісі үшін таласады
Теннис
Арина Соболенко – Мирра Андреева. Онлайн көру
ФОТО: Getty images

11 қарашадан 12 қарашаға қараған түні АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында WTA қорытынды турнирінің топтық кезеңіндегі маңызды кездесулердің бірі өтеді. Беларусь өкілі Арина Соболенко ресейлік Мирра Андрееваға қарсы кортқа шығады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Екі спортшы да бұл кездесуге жеңіліссіз жетіп отыр. Соболенко алғашқы ойынында чехиялық Каролина Мухованы тізе бүктірді. Алайда жеңіс оған оңайлықпен келген жоқ. Бірінші сет тай-брейкке ұласса, екінші партияда да қарсыласының қарсылығын еңсеруге тура келді. Қорытынды есеп – 7:6 (7:2), 7:5.

Ал Андреева жарысты әлдеқайда сенімді бастады. WTA қорытынды турниріндегі алғашқы кездесуінде 19 жастағы ресейлік теннисші украиналық Элина Свитолинаны 6:4, 6:0 есебімен жеңді. Әсіресе екінші сетте Мирра қарсыласына бірде-бір гейм бермей, айқын басымдық танытты.

Енді қос теннисші де топтағы екінші жеңісіне қол жеткізіп, жартылай финалға шығу мүмкіндігін арттыруды көздейді.

Өзара кездесулер статистикасында әзірге Соболенко алда – 4:2. Дегенмен олардың соңғы текетіресі Андрееваның пайдасына шешілген. 2025 жылдың наурызында Индиан-Уэллсте өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің финалында ресейлік спортшы беларусь теннисшісін 2:6, 6:4, 6:3 есебімен ұтқан еді. Сондықтан алдағы кездесу Соболенко үшін сол жеңілістің есесін қайтаруға мүмкіндік болмақ.

Арина Соболенко WTA қорытынды турниріне мансабында алтыншы рет қатысып отыр. Ол 2022 және 2025 жылдары финалға дейін жеткенімен, екі жағдайда да чемпиондық атаққа қол жеткізе алмады. Ал Андреева маусымның үздік сегіз теннисшісі бақ сынайтын бұл жарыста алғаш рет өнер көрсетуде.

Арина Соболенко мен Мирра Андреева арасындағы матчтың тікелей трансляциясын осы сілтеме арқылы көруге болады. Кездесудің басталу уақыты Элина Свитолина мен Каролина Мухова арасындағы алдыңғы ойынның ұзақтығына байланысты өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін Sports24.kz Соболенко мен Андреева арасындағы кездесуге болжам жариялаған болатын.

ФОТО: Getty images
Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie