Конор Макгрегор Федор Емельяненконы BKFC ұйымына шақырды
Аралас жекпе-жек әлемінің даңқты тұлғаларының бірі, ирландиялық Конор Макгрегор, өзінің Bare Knuckle Fighting Championship (BKFC) лигасына аты аңызға айналған ресейлік файтер Федор Емельяненконы шақырды. Италияда өткен BKFC баспасөз мәслихатында UFC-дің бұрынғы қос чемпионы әрі жалаң жұдырық сайыстары ұйымының тең иесі Макгрегордан Федордың аталмыш промоушенге қосылу мүмкіндігі жайлы сұрады.
Ирландиялық бұл сұраққа еш ойланбастан оң жауап беріп, BKFC-дің өткеннің, бүгіннің және болашақтың ең үздік жауынгерлерін өз қатарына қосуды мақсат еткенін мәлімдеді.
“Федор Емельяненко? Бұл жаңалықты күтіңіздер. Бізде Федорға қатысты үлкен хабарландыру болуы мүмкін. Сәлем, Федор! Біз сені күтеміз. BKFC – барлық уақыттың ең мықты файтерлерін жинайтын ұйым. Біз өткеннің, бүгіннің және болашақтың ұлы жауынгерлерін тартамыз. Барлығы біздің бір бөлшегіміз болғысы келеді”, – деп мәлімдеді Макгрегор.
Федор Емельяненко – аралас жекпе-жек тарихындағы ең ұлы спортшылардың бірі. Ол бұл спорттың негізін қалаушылардың қатарында тұрып, Pride, The Rings, Bellator, Strikeforce секілді әлемнің үздік промоушендерінде өнер көрсетті. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылдың 4 ақпанында Bellator 290 турнирі аясында өтті.
UFC 102 турниріндегі Каннонир мен Родригес жекпе-жегі: нәтижесі тек соңғы сәтте шешілді