locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хамзат Чимаев UFC аңызымен титулдық жекпе-жек өткізеді

Real American Freestyle (RAF) ұйымы Чимаевтың Crossover санатындағы жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайтынын ресми түрде жариялады.
ММА
Хамзат Чимаев UFC аңызымен титулдық жекпе-жек өткізеді
Фото: Getty Images

UFC-дің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Хамзат Чимаев келесі қарсыласының есімін білді. Оны 47 жастағы америкалық Рашад Эванспен жекпе-жек күтіп тұр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Белдесу 19 желтоқсанда АҚШ-тың Юниондейл қаласында өтетін RAF 16 турнирінде ұйымдастырылып, кештің басты оқиғасы болады. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 20 желтоқсанда өтеді.

Еске салайық, 14 қарашада Чимаев UFC-дің бұрынғы чемпионы Крис Вайдманды мерзімінен бұрын жеңіп, RAF чемпионы атанды. Белдесу Хамзаттың 10:0 есебімен техникалық басымдығымен аяқталды.

47 жастағы Эванс үшін алдағы белдесу RAF аясындағы дебют болады. Америкалық UFC-дегі мансабын 2018 жылы аяқтап, 2022 жылы аралас жекпе-жекке қайта оралды. Eagle FC турнирінде Габриэль Чекконы жеңді.

Ал Чимаев RAF аясындағы бес белдесудің барлығында жеңіске жеткен. Бұған дейін ол Тайрон Вудли, Гилберт Бернс, Робби Лоулер және Диллон Дэниске де есе жібермеген.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie