locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» ҚХЛ-де «Салават Юлаевтан» жеңіліп, жеңісті сериясын үзді

«Барыс» ҚХЛ матчында «Салават Юлаевтан» 3:5 есебімен жеңілді
Хоккей
«Барыс» ҚХЛ-де «Салават Юлаевтан» жеңіліп, жеңісті сериясын үзді
ФОТО: Барыс ХК

Астаналық «Барыс» сырт алаңдағы ойындар сериясын жеңіліспен бастады. 18 қарашада Михаил Кравецтің командасы уфалық «Салават Юлаевпен» кездесіп, 3:5 есебімен есе жіберді. Осылайша қатарынан екі матчта жеңіске жеткен сериясын үзді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Уфалықтар бастаманы жылдам қолға алып, бес минутқа жетпейтін уақытта екі шайба соқты. Ансар Шайхмедденов қонақтардың басымдығын қысқартқанымен, бірінші үзіліске дейін алаң иелері екі шайбалық артықшылығын қайтарды.

Екінші кезеңде гол соғылмады. Ал үшінші кезеңде «Салават Юлаев» азшылықта ойнап жүріп шайба соқты. Дегенмен «Барыс» есеп айырмасын қысқартып, матчтағы интриганы қайта жандандырды: Джастин Бэйли мен Мэйсон Морелли сан басымдығын екі рет пайдаланды. Астаналықтардың таразы басын теңестіруге жасаған соңғы талпынысын Александр Горшков тоқтатты: ол сиренаға бір секунд қалғанда бос қақпаға шайба соқты.

ҚХЛ, 18 қараша
«Салават Юлаев» (Уфа) - «Барыс» (Астана) - 5:3 (3:1, 0:0, 2:2).
Шайбалар:
1:0 - Шипачев (00:49), 2:0 - Броссо (04:36), 2:1 - Шайхмедденов (14:20), 3:1 - Алалыкин (17:37), 4:1 - Ефремов (45:56), 4:2 - Бэйли (48:24), 4:3 - Морелли (53:51), 5:3 - Горшков (59:59).

Уфаға аттанар алдында «Барыс» өз алаңында екі матчта жеңіске жетті. 12 қарашада астаналықтар «Адмиралды» (4:2) ұтса, 15 қарашада магнитогорскілік «Металлургтен» 5:4 есебімен басым түсті. Соңғы ойында Джастин Бэйли ҚХЛ-дегі алғашқы хет-тригін жасады.

«Салават Юлаев» та 16 қарашада «Адмиралмен» кездесіп, голға бай тартыста 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Осы маусымның қыркүйегінде командалар өзара ойнаған. Ол кезде «Барыс» Астанада 8:6 есебімен жеңіске жеткенімен, сырт алаңда сол нәтижені қайталай алмады.

20 қарашада қазақстандық клуб Омбыда «Авангардпен» кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен 18:30-да басталады.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie