locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

GTA 6 Қазақстанда: қайдан сатып алуға болады, бағасы қанша және ойын қай платформаларда қолжетімді

Grand Theft Auto VI ойынының шығуына санаулы сағаттар қалды.
Басқа спорт түрлері
GTA 6 Қазақстанда: қайдан сатып алуға болады, бағасы қанша және ойын қай платформаларда қолжетімді
Фото: Rockstar

Rockstar Games-тің көптен күткен ойыны 2026 жылғы 19 қарашада қолжетімді болады. Sports24.kz GTA 6 ойынын қай құрылғыларда іске қосуға болатынын, жаңалықтың бағасы қанша екенін және оны Қазақстанда қалай сатып алуға болатынын баяндайды.

GTA V шыққаннан кейін 13 жыл өткен соң серия жанкүйерлері Вайс-Ситиге қайта оралуға дайындалып жатыр. Жаңа бөлімдегі оқиғалар ойдан шығарылған америкалық Леонида штатында өрбиді, ал басты кейіпкерлер Джейсон Дюваль мен Люсия Каминос болады.
GTA 6-ның ресми релизі 19 қарашада өтеді. Rockstar Games мәліметінше, ойын тиісті өңірдің жергілікті уақыты бойынша түн ортасында қолжетімді болады.

GTA 6 қай платформаларда шығады?
Grand Theft Auto VI бастапқыда қазіргі буын консольдерінде қолжетімді болады:
PlayStation 5;
PlayStation 5 Slim;
PlayStation 5 Pro;
Xbox Series X;
Xbox Series S.
PlayStation 4 пен Xbox One нұсқалары қарастырылмаған.

Дербес компьютер иелері де күте тұруына тура келеді. Rockstar Games әзірге GTA 6-ның компьютерге шығатын күнін жариялаған жоқ.
Сәйкесінше, ойын бастапқыда Steam Deck-ке орнатуға қолжетімді болмайды.

GTA 6 Қазақстанда қанша тұрады?
Бағасы платформаға, таңдалған басылымға және сатып алу тәсіліне байланысты. Халықаралық нарықта стандартты басылым шамамен 80 доллар, ал кеңейтілген Ultimate Edition шамамен 100 доллар тұрады. Қазақстандағы тәуелсіз сатушылардың бағасы өзгеше болуы мүмкін. Мысалы, жергілікті интернет-дүкендердің бірі PlayStation 5 үшін мынадай нұсқаларды ұсынады:
GTA 6 Standard Edition, сатушының аккаунты арқылы қолжетімділік
32 900 теңге
GTA 6 Ultimate Edition, сатушының аккаунты арқылы қолжетімділік
43 900 теңге
Standard Edition, жеке аккаунтқа сатып алу
52 000 теңге
Ultimate Edition, жеке аккаунтқа сатып алу
70 000 теңге

Көрсетілген сомалар — нақты сатушының ұсыныстары. Олар Rockstar Games-тің Қазақстанға арналған ресми бағалары емес.

GTA 6-ны PlayStation 5-ке қалай сатып алуға болады?
Қазақстандық PS5 иелері PlayStation Store-дың өңірлік ерекшеліктерін ескергені жөн.
Цифрлық нұсқаны сатып алу үшін қолдау көрсетілетін өңірде тіркелген аккаунт пен төлем жасауға болатын тәсіл қажет. Ойын сатып алудың бір жолы — шетелдік PlayStation аккаунтын пайдалану. Аккаунт өңірі қолжетімді төлем әдістері мен дүкен валютасына әсер етеді. Қазақстандық дүкендер де цифрлық ойындарды сатып алу қызметін ұсынады. Алайда төлем жасамас бұрын ойын сатып алушының жеке аккаунтына тіркеле ме, әлде сатушы профилі арқылы қолжетімділік беріле ме — соны нақтылап алған маңызды. Екінші нұсқа арзанырақ болуы мүмкін, бірақ қолжетімділіктен айырылу қаупі жоғары.

GTA 6-ны Xbox-қа қалай сатып алуға болады?

Xbox Series X пен Xbox Series S иелері аккаунт өңірі сәйкес келіп, төлем жасау тәсілі қолжетімді болса, цифрлық нұсқаны Microsoft Store арқылы сатып ала алады. Сатып алмас бұрын өңірлік шектеулер мен төлемнің өту мүмкіндігін тексерген жөн. Xbox Series S құрылғысында диск жетегі жоқ, сондықтан оның иелері ойынның цифрлық нұсқасын пайдалануы керек.

GTA 6-ға қанша жад қажет?
Grand Theft Auto VI ойынын орнату үшін шамамен 212 ГБ бос орын қажет.
Бұл, әсіресе, жады көлемі шағын консоль иелері үшін маңызды.
Ойынды алдын ала жүктеу 10 қарашада басталды, сондықтан цифрлық нұсқаны сатып алғандар ресми іске қосылғанға дейін қажетті файлдарды жүктеп ала алады.

PlayStation Plus жазылымын сатып алу керек пе?

GTA 6-ның жалғыз ойыншыға арналған сюжеттік науқанын өту үшін PlayStation Plus жазылымы қажет емес.
Ойын ауқымды қылмыстық астыртын әрекетке араласып кеткен Джейсон мен Люсияның оқиғасын баяндайды.
Ықтимал көп ойыншы режиміне және оған қажет жазылымдарға қатысты мәселелерді бөлек қарастырған жөн.

GTA 6 компьютерге қашан шығады?

Компьютерлік нұсқаның ресми релиз күні әзірге жарияланған жоқ.
Rockstar Games бұған дейін де кейбір ірі жобаларын консольдік нұсқалардан кейін компьютерге шығарған.
Алайда GTA 6-ның компьютерге қашан шығатыны әзірге белгісіз.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie