Хамитов Қазақстанда маңызды қызметке тағайындалды
Танымал қазақстандық MMA файтері Қуат Хамитов Алматы облысының Күрес федерациясы вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Қуат Хамитовқа жаңа қызметінде сәттілік тілейміз және оның отандық күрестің дамуына, жас спортшыларды қолдауға және жаңа жеңістерге жетуге зор үлес қосатынына сенеміз!
Жаңа қызмет – жаңа міндеттер, жауапкершілік пен мақсаттар!», – делінген Алматы облысының Күрес федерациясының баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, Хамитов өзінің соңғы ММА жекпе-жегін биылғы ақпанда Грузияда өткізіп, бразилиялық Алан Силваны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.
11 шілдеде Қуат Тбилисиде (Грузия) өткен RAF күрес лигасы турниріне қатысты. Қазақстандық спортшы UFC-дің үздік жеңіл салмақтағы файтері Арман Царукянмен (23-3) кездесті. Айқас Царукянның айқын мерзімінен бұрынғы жеңісімен 11:0 есебімен үшінші кезеңде аяқталды. Армениялық спортшы техникалық басымдықпен жеңіске жетті.
Бұған дейін Хамитов әлемдегі ең ірі Bare Knuckle FC жалаңқол жекпе-жек лигасында өнер көрсетуге ұсыныс алғанын айтқан болатын.