locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дана Уайт: Джонсты Ақ үй турниріне қоса алмаймын

Күмән келтіруге құқығы бар
ММА
Санжар Ақатаев
Санжар Ақатаев
Журналист
ФОТО: Getty Images

UFC президенті Дана Уайт Ақ үй аумағында өтетін турнирде Джон Джонстың қатысу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Жекпе-жекші бұл шарада октагонға шығуға ниет білдіргенімен, промоушен басшысы оған басты рөлді сеніп тапсыра алмайтынын айтты:

«Оның кім екенін білесіздер. Мен мұндай ірі турнирлер мен беделді алаңдарда, әсіресе Ақ үйдегі шоуда тәуекелге бара алмаймын», — деп атап өтті Дана Уайт Championship Rounds басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, мұндай оқиғаны ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті талап етеді: оған қоғам мен БАҚ-тың назар аударуы жоғары, сондықтан кез келген кішігірім мәселенің салдары ауыр болуы мүмкін. Сол себепті Джонс басты жекпе-жекке үміткер ретінде қарастырылмайды.

Бұған дейін Уайт Ақ үйде турнир өтетінін растап берген болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie